25 сәуір мен 2 мамыр аралығында тауларда қар көшкіні қаупі сақталады
Алматылық құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын алдағы күндері тауға шықпауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Жылымықтың әсерінен қар жамылғысы тұрақсыз. Осыған байланысты 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында тауларда қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтарына таулар мен қарлы тік жартастарға шықпауға кеңес береміз.Тауда абай болыңыздар", — делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Құтқарушылар каньонға түсіп кеткен ер адамды құтқарды