Ол өздігінен көтеріле алмаған
Құтқарушыларды көмекке шақырып, 112 нөміріне туристің жолдастары хабарласқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түнде Түркістан облысы Төлеби ауданы Мәдени ауылынан 500 м қашықтықта 1989 жылы туған ер адам 50 м тереңдіктегі каньонға түсіп кетіп, өздігінен көтеріле алмаған.
Шақыртуға келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері каньонға түсіп, ер адамды көтеріп алып шықты.
Оқи отырыңыз: Өлгендердің алтын тісін ұрлаған: қабір қазушылар ұсталды