Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Ол 24 жылға сотталған болатын 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

24 жылға сотталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев қамауда отырған мекеме өзіне ынталандыру шараларын қолданбағаны үшін сотқа шағымданды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен хабарлайды.

- Жазасын өтеуші сотқа мекеме әкімшілігі оған көтермелеу бермейді деген өтінішпен жүгінді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға жазаны өтеу тәртібі бұзылған жағдайда көтермелеу қолданылмайды. Аталған сотталған адамның бір рет тәртіп бұзғанын ескере отырып, оған көтермелеу болмайды, - делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осылайша, сот Қуандық Бишімбаевтың арызын қанағаттандырмады.

Еске салайық, 2024 жылдың 13 мамырында Астанада Салтанат Нүкенованың аса қатыгездікпен өлтірілуіне қатысты сот процесі аяқталды. Сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кейін Бишімбаев Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №5 мекемесінде жазасын өтеп жатқаны белгілі болды. Ол Степногорск қаласында орналасқан.

Оқи отырыңыз: Ақтауда балабақша есепшісі 9 млн теңге жымқырған

Новости партнеров