Күдікті ұсталды: Өскеменде өртенген үйдің жертөлесінен үш адамның денесі табылды

31.01.2025 19:55

Марқұмдардың басынан кесілген жарақаттар табылған

polisia.kz

Өскемен қаласында өртенген жер үйдің жертөлесінен үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қаладағы жер үйлердің бірі өртенген. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында үйдің жертөлесінен үш адамның мәйіті табылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды.

- Полиция қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ШҚО ПД басшылығының жеке бақылауында, - делінген ақпаратта.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, марқұмдардың басынан кесілген жарақаттар табылған.

Оқи отырыңыз: Азаптап өлтірген: Талдықорғанда марқұмның анасы мен өгей әкесіне қатысты сот үкімі шықты