Күнә жуатын жаңбыр және Құранда айтылған жалғыз ай: Рамазан туралы қызықты деректер

02.03.2025 14:26

Ораза ұстағандардың көпшілігінде холестерин деңгейі төмендеп, қан қысымы қалыпқа келеді

Khats Сassim / pexels.com

Рамазан – хижра күнтізбесі бойынша тоғызыншы айдың атауы. Мүбәрәк Рамазан айының атауындағы хикмет түрліше түсіндіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дінді зерттеп жүрген бір топ ғалым Рамазан (Рамадан) сөзі жаңбыр дегенді білдіретін «рамда» сөзінен шыққанын алға тартады. Яғни, жаңбырдың жерді тазартатыны сияқты, Рамазан айы да мұсылмандарды күнәларынан арылтады деген тұжырым ұсынады.

Ғалымдардың тағы бір тобы бұл сөз «рамад» сөзінен шыққан, яғни «күн жылытқан жер» дегенді білдіреді деп есептейді. Яғни, ораза ұстаған адам ыстық жерде жүргендей, аштық пен шөлді бастан кешіреді. Ыстық жер жалаңаяқ жүргендердің аяғын күйдіретіні сияқты, Рамазан да мүміндердің күнәсін күйдіріп, жойып жібереді деседі.

Рамазан айы сондай-ақ «он бір айдың сұлтаны» деп аталады.

Осы қасиетті айға қатысты мынадай қызықты деректер келтіріледі:

  • Рамазан – мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранда аталатын бірден-бір ай.
  • Құран Кәрім дәл Рамазан айында түскен.
  • Құранда «мың айдан қайырлы» деп айтылған Қадір түні де Рамазан айына келеді.
  • Дәл Рамазан айында мұсылмандар ислам дінінің бес негізінің бірі – ораза ұстауға міндетті.
  • Садақа беру (пітір садақасы) де Рамазан айының ерекшелігі. Садақа Айт мейрамы басталмай тұрып мұқтаж мұсылмандарға төленуі керек.

Ғалымдар мынадай қызықты қорытынды жасайды: Рамазанның ұзақтығы бір сағатқа қысқарса, елдегі экономикалық өсу қарқыны 0,6-0,9 пайызға артады. Керісінше, оразаның ұзақтығы артқан сайын экономикалық өсу баяулайды.

  • Медициналық статистика көрсеткендей, Рамазан айында оразаны дұрыс ұстаған жағдайда денсаулыққа оң әсері болады. Зерттеу нәтижелері ораза ұстағандардың көпшілігінде холестерин деңгейінің төмендегенін, қан қысымының қалыпқа келгенін және метаболизм жақсарғанын көрсеткен.
  • Кейбір елде Рамазан айында ораза ұстамау құқықбұзушылық болып саналады. Екінші жағынан, оразаны қасақана бұзу айыппұл төлеумен және қоғамдық жұмыстармен жазаланатын қылмыс болып саналады.
  • 2025 жылы ең ұзақ ораза уақыты 29 наурызда Рейкьявик (Исландия) және Нуук (Гренландия) қалаларында 15 сағат 52 минутты құраса, ең қысқасы Пунта-Аренас қаласында (Чили) сол күні 13 сағат 38 минутты құрайтын болады.

Дереккөз: Oxu.Az

Оқи отырыңыз: Сауап алу үшін аузы берік жанға бір түйір құрма ұсыну да жеткілікті - имам