Мұның бәрі тергеу барысында белгілі болды
Таразда қылмысты жасырған тергеуші сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға былтыр болған. Қала тұрғыны өзіне қол жұмсаған күдіктілерге шағымданып полицияға барған екен. Істі №1 полиция бөлімінің тергеушісі алып, тергеу амалдарын бастаған. Бірақ созбалаңға салып, негізсіз тоқтатыпты. Ал заңсыздықты байқаған прокуратура мамандары іле-шала қылмысты қайта тергеуге жіберген.
Дегенмен бұл жолы да полицей заңсыздыққа барады. Ол жәбірленушінің атынан айыпталушыны кешіргені туралы жалған арыз жазған көрінеді.
Оған қоса, тараптарды беттестіргендей негізсіз құжат жасап, істі тоқтатып тастаған. Мұның бәрі тергеу барысында белгілі болды.
Қызмет бабын асыра пайдаланып, дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін құқық қорғаушы сотталды.
«316-баптың және 2 баппен осы іс келіп түсті. Аталған тағылған айыптар бойынша тергеуші кінәлі деп танылып, сот оған 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Оған аталған екі бап бойынша да қосымша жазалар бар. Оны мемлекеттік қызметтен өмір бойына айыра отырып қызмет жасау құқығынан айыра отырып осындай жаза тағайындалды», - деді қалалық №2 сотының төрағасы Ербол Дүйсенбаев.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында 54 ауылдың тұрғындары алкогольдік ішімдіктен бас тартты