Қырғызстанға заңсыз бензин тасыған “мафия“ әшкереленді

Аталған іс бойынша үш күдіктіге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстаннан Қырғызстанға 15,5 миллиард теңгенің бензинін заңсыз тасыған қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржылық мониторинг агенттігі АИ-92 маркалы сұйық отынды көрші елге заңсыз сатып жүргендердің әрекетін әшкерелеген. Күдіктілердің бензинді еріткіш және дистиллят ретінде рәсімдеп, жалған құжат арқылы шекарадан өткізіп отырғаны белгілі болды. Мәселен жедел іздестіру іс-шаралары кезінде Жамбыл облысындағы «Түрксіб» стансасында 500 тоннаға жуық жанар-жағармай тиелген 8 теміржол цистернасы анықталды. Жүк «Қара Май Ойл» шағын мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілген. Агенттік үш күдіктіге мемлекетаралық іздеу жариялады.

"Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2023-2024 жылдары аталған шағын зауыттан 102 мың тоннадан астам мұнай өнімдері көрші мемлекетке экспортталған. Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы соңғы екі жылда 15,5 миллиард теңгеден асып түсті. Аталған іс бойынша Попов Алексей Александрович, Ибраимов Рахымжан Маматұлы, Сағындықов Серік Ерланұлына іздеу жарияланды", – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Алматы реаниматологтары ауырсынуды басудың жаңа әдісін қолдана бастады

 

Новости партнеров