Қырық жыл көлік жүргізген қазақ әжей Францияда танымал болды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Аягөз қаласында өмір сүретін қария көлік жүргізгенде ауруынан да айығатынын айтқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық әженің жұмыс барысын ARTE бағдарламасы Франция аумағында көрсеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

75 жастағы Оразхан Манабаеваның темір тұлпар тізгіндегеніне 40 жыл толған. ШҚО-ның Аягөз қаласында өмір сүретін әжей көлік жүргізгенде ауруынан да айығатынын айтқан. Қазір жапонның Toyota Camry көлігін жүргізетін ол көлік тізгінін алғанда өзін өте жақсы сезінетінін жеткізген. 

– Үйдегі ақсақалмен (күйеуін айтады) 55 жыл отассам, темір тұлпармен 40 жылдан бері жолдаспын. Рөлде отырғанда өзімді өте жақсы сезінемін. Тып-тыныш отырамын, ешнәрсеге алаңдамаймын. Қайта өзімді сергек сезінемін. Сырқаттанып қалып, көлікке отырсам, ауырғанымды да ұмытып кетемін. Бұл – менің сүйген мамандығым, – дейді таксист әжей.

Бейнежазбадан әжейдің такси қызметі үшін жолаушыдан 500 теңге алғанын байқау қиын емес. ARTE-нің мәліметінше, әлемде 75 жасында такси болып, көлік жүргізетін қарт кісілер жоқтың қасы.

Оқи отырыңыз: Астанада 4 адамның өмірін сақтап қалған донорды еске алуға арналған хоккей матчы өтті

Новости партнеров