Қыс басталғалы елімізде жолда қалған 1,5 мыңнан астам адам құтқарылған

Сондай-ақ 200 техника қар құрсауынан шығарылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қыс басталғалы елімізде жолда қалған мың жарымнан астам адам құтқарылып, 200 техника қар құрсауынан шығарылыпты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жалпы құтқару жұмыстарына 37 мың адам және 14 мың техника бекітілген екен. Одан бөлек, зардап шеккендер үшін жолдарда 1,5 мың жылыту пункті бар.  Құзырлы ведомствоға қарасты департамент бастығының орынбасары республика автожолдарының жабылуы және басқа да шұғыл хабарламалар туралы халықты ақпараттандыру мәселелерінің ерекше бақылауда екенін еске салды.

"Мәселен, ауа райының бұзылатыны жөнінде халықты хабардар ету үшін шамамен 1,8 млн SMS-хабарлама жіберілді. «Darmen» мобильдік қосымшасы арқылы ескерту сипатындағы 1,7 млн хабарлама жіберілді. Шұғыл ақпаратты жеткізу үшін телерадио жүйелері 70-тен астам рет қолданылды", - деді ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Аслан Уакишев.

Министрлік өкілі Ақмола облысындағы 95 автокөліктің соқтығысуына қатысты да пікір білдірді. Ол жол апатына жауапсыз жүргізушілердің әрекеті себеп болуы мүмкін дейді. Ал төтеншеліктер оқиға орнында адамдарды жедел құтқарып, жылыту пункттеріне жеткізген. Кей жолаушыларды пойыздарға мінгізіпті.  

"Боранды күндері Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері колоннаны алып жүрді, алайда сол жерде бір-бірін басып озуға тырысқан жауапсыз жүргізушілер болған. Барлығы осыдан туындаған болуы мүмкін. Қазір тергеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Аслан Уакишев.

Оқи отырыңыз: Алматыда мопед көлігі алғаш рет ресми түрде тіркелді

Новости партнеров