Қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланған мектеп басшысы жұмыстан босатылды

27.02.2025 15:14

Атырау облысы Құрманғазы ауданында балалар таситын автобуспен мұғалімдер жаназаға барған

Атырау облысы Құрманғазы ауданында қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланған мектеп басшысы жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кейіннен анықталғандай, мұғалімдер жаназаға бара жатқан. Сол үшін мектеп оқушыларына арналған автобусты ақысын төлеп, пайдаланған. Аталған дерек әлеуметтік желіге тарап, ел арасында резонанс тудырды. Қызметтік тексеріс басталды.

 «Биыл 10 ақпанда Құрманғазы ауданы Білім бөліміне мектеп автобустарын жеке мақсатқа пайдаланбау жөнінде арнайы ескерту берілген.  Аталған әлеуметтік желідегі жазба бойынша білім бөлімі тарапынан қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Тиісті шаралар қолданылады, – деді Құрманғазы аудандық Білім бөлімінің басшысы Еділ Баяров.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда екі жаңа әскери колледж ашылады