Арнайы комиссия құрылып, шешім қабылданған
Қызылордалық полицейлер айналымнан алынған қаруларды жойды. Бұл –азаматтардан тәркіленген, ерікті түрде тапсырған және табылған қару мен оқ-дәрілер, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Былтыр қару өткізу акциясы аясында ерікті түрде 423 дана, оның ішінде 11 ойық және 353 тегіс ұңғылы, 11 механизм мен 48 газды травматикалық зат қабылданған. Жойылуға тиіс деп саналатын мұндай құралдарды жарамсыздандыру үшін 423 қару Әскери және арнайы жабдықтау базасына өткізілген. Ол үшін арнайы мақсаттағы техникалық комиссия құрылып, шешім қабылданған.
"Қызылорда облысының азаматтарынан тәркіленген, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған және сот үкімімен жоюға жататын суық қаруларды айналымнан шығару мақсатында Қызылорда облысының Полиция департаментімен тиісті сала қызметкерлерімен құрылып, комиссия құрамының шешімі негізінде 2025 жылдың 1 айының көлемінде 118 дана қару қабылданып, кесу арқылы жарамсыздыққа келтіріліп, белгілі тәртіпке сәйкес жойылатын болады", – деді Полиция департаментінің басқарма бастығы Нұрлыбек Қордабаев.
Оқи отырыңыз: Сапасыз курс: талдықорғандық коуч сотта жеңілді