Прокурорлар жұмыскерлердің конституциялық құқығын қорғады
Қызылорда облысы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына, оның ішінде жалақының уақытылы төленуіне талдау жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, облыс көлемінде бірқатар жұмыскерлердің конституциялық құқықтары шектеліп, жұмыскерлердің алдында жалақы қарызы қалыптасқаны анықталды.
«Мәселен, «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған 2360 тұлғаға қатысты қаңтар айының 263,9 млн теңге жалақысы төленбеген», - делінген хабарламада.
Прокуратура өкілдері қадағалау актісін енгізіп, соның нәтижесінде 2360 жас жұмыскердің жалақысы толық төленіп, конституциялық құқықтары қалпына келтірілді, жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті мекеменің басшылары мен қызметкерлері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Облыс прокуратурасы осы тектес заңбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында қадағалау шараларын күшейтіп, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Оқи отырыңыз: Маңғыстауда мектеп оқушылары неден уланған: эпидемиолог дәрігерлер себебін айтты