Шәкірттердің нақты неден уланғаны белгісіз
Қызылорда облысында оқушылар астан ұшынып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жеке мектепте оқитын 4 жасөспірім ас ішкеннен кейін өздерін жайсыз сезіне бастаған. Оларға бастапқы медициналық көмекті мектеп медбикесі көрсетіпті. Бірақ балалардың жағдайы түзелмеген соң, ата-аналары мектепке жедел-жәрдем шақырған. Шәкірттердің нақты неден уланғаны белгісіз.
«Іш өтіп, жүрек айнып келді, аурухана жатқыздық. Үшеуі де бір ұйымнан бір сағатта келді. Қазіргі таңда олардың жағдайы орташа. Диспекциялық синдромы, асқазан тұсының, ішектерінің шұрылдауы, ауырсыну басылды, – деді Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Шарипа Әлиева.
Оқи отырыңыз: Өмірлік жаза: 7 жастағы ұл баланы зорлаған экс-депутатқа үкім шықты