Күдіктіге қатысты сот санкциясымен екі ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды
Қызылорда облысында полицейлер 6 миллион теңгенің ұрлығын ашты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Осы жылғы 10 қаңтарда Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны өзінің жеке үйінде ұрлық болғаны жөнінде хабарлаған. Тексеру барысында үй иелері болмаған уақытта белгісіз адам жәбірленушінің үйінің жатын бөлмесіне терезені бұзу арқылы кіріп, 6 миллион теңге көлемінде ақша ұрлағаны анықталды.
Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, полицейлердің кәсібилігінің арқасында бір тәулік ішінде "ізін суытпай" Түркістан облысында қонақ үйде жасырынған жерінен 34 жастағы күдікті құрықталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұрланған ақша жәбірленушіге қайтарылды.
Күдіктіге қатысты сот санкциясымен екі ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Енді пара беруге уәде еткендер де қылмыстық жауапқа тартылады