Қызылорда облысында жазасын өтеп жүріп жазаланғандар саны артты

25.02.2025 13:39

11 сотталған азаматтың әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны анықталып

Polisia.kz

Қызылорда облысында 66 сотталғанға жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін ескерту жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

10-23 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы аумағында "Есепте тұрған тұлғалар" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Қызылорда облысы бойынша аудандық және қалалық пробация қызметінің есебінде шамамен 1000 сотталған тұр. Пробация қызметінің инспекторлары мен жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлері бірлесе отырып, есепте тұрған тұлғалар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған кең ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында сотталғандардың тұрғылықты мекенжайлары мен жұмыс орындары тексеріліп, олардың пробациялық бақылау талаптарын сақтауына ерекше назар аударылды. Тексеру нәтижесінде 66 сотталғанға жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін ескерту жасалды. Сонымен қатар 11 сотталған азаматтың әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды

Дереккөз: Polisia.kz.

Оқи отырыңыз: Алимент жыры: мүлікі мен табысын жасырған әкелердің қарызы 28 млрд теңге болды - Бас прокуратура