Бала аман-есен
Қызылордадағы тұрғын үйлердің бірінде жылу радиаторы қабырғаларының арасына 7 жасар қыздың аяғы қысылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Оқиға орнына келген құтқару жасағының қызметкерлері жылу батареясынан қыз баланың аяғын арнайы гидравликалық құралмен шығарып алды. Бала аман-есен», - деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Баланың ата-анасы тәжірибелі мамандар құтқару операциясын жүргізу кезінде баланың аяғын да, үйдің жылыту жүйесін де зақымдамағаны үшін алғыс білдірді.
Оқи отырыңыз: Қате диагноз қойған ба: қостанайлық ата-ана қызының өліміне дәрігерлерді айыптады