Қызылша: елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты

24.02.2025 18:50

Қызылшамен және көкжөтелмен ауыратындардың көпшілігі вакцина алмаған

Almaty.tv

Қазақстанда биыл қызылшаның 273 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оның ішінде қаңтар айында 168 жағдай анықталды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,2%-ға төмендегенін білдіреді. Соңғы аптада қызылшамен ауырған 59 жағдай тіркелді», - делінген хабарламада.

Ал биыл көкжөтелдің 104 жағдайы тіркелді, оның ішінде қаңтарда 69 жағдай тіркелді, бұл аурушаңдық көрсеткішінің 49%-ға төмендегенін көрсетеді. Өткен аптада көкжөтелдің 18 жағдайы тіркелді.

Қызылшамен және көкжөтелмен ауыратындардың көпшілігі вакцинацияланбаған балалар арасында кездеседі.