Лас еденде сақталған ет: Астанада дүкендер мен кафелерге өнім тасыған күдіктілер анықталды

Астана қаласының ПД
Астана қаласының ПД

Заңсыз кәсіппен  34 және 22 жастағы екі ер айналысқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада адам шошырлық жағдайда ет сақтаған күдіктілер анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жергілікті тұрғындар лас еденде антисанитарлық жағдайда ет сақтаған. Заңсыз кәсіппен  34 және 22 жастағы екі ер айналысқан.

«Олар ешқандай құжатсыз сатып алған отандық етті шикізат ретінде пайдаланған. Барлық жұмысты өздері жасаған. Ал ары қарай дайын өнімді қаладағы дүкендер мен ойын-сауық орындарына жеткізу үшін буып-түйіп, дайындап қойған», - деп хабарлады Астана полиция департаменті.

Оқиға орнында 176 ұсақ мал мен жеті ірі қара малдың еті, сондай-ақ ет қалдықтары тәркіленді. Олардың барлығы сараптамаға жіберілді.

Заңсыз цехты ұйымдастырушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Новости партнеров