Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар сұрақтар қойып, пікір алмасты
Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дәрісті Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Бәкіров оқыды. Ол жаһандық бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы съездің рөліне тоқталып, жаңа тұжырымдаманың негізгі бағыттарын түсіндірді. Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар дін көшбасшыларының қазіргі сын-қатерлерге қарсы іс-қимылына қатысты сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Айта кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі – Қазақстанның бастамасымен 2003 жылдан бері өткізіліп келеді.
«Нұр-Мүбарак университетінде ислам бағытында білім алады. Өз территориясында, алаңында мешіт бар. Бірақ дін аралық келісім, басқа діндерді құрметтеу, бірлесіп жұмыс істеу керек екенін студенттерге жеткізгім келді. Жұмыстар атқарып жатырмыз», – деді Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Бәкіров.
Оқи отырыңыз: Кинотеатрларда көрсетілетін фильмдердің мазмұнына бақылау күшейеді