Тергеу барысында олардың есеп шоттарына жәбірленушінің ақшасы түскені анықталды
Маңғыстау облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде интернет желісі арқылы жасалған екі ауыр санаттағы алаяқтық дерегі ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ҚК 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес тіркелген қылмыстық істер бойынша келесі жайттар анықталды.
Д. есімді азаматтың депозиттік шотынан 28 млн 430 мың теңге белгісіз тұлғаларға заңсыз аударылған.
Астана қаласына қызметтік іс-сапар кезінде үш күдікті ұсталды: екеуі — Ақтау қаласының, біреуі — Қарағанды облысының тұрғыны.
Тергеу барысында олардың есеп шоттарына жәбірленушінің ақшасы түскені анықталды.
Қылмысты ұйымдастырған Ақтау қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
А. есімді азаматтың есеп шотынан 20 млн теңгені белгісіз тұлғалар иемденіп кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Өскемен қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда аталған деректер бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматының индустриалды аймағында 11 жаңа жоба іске қосылады