Маңғыстау облысында қылмыстық топ мүшелері сотталды

Keenan Constance/unsplash.com/
Keenan Constance/unsplash.com/

Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚМА Маңғыстау облысының департаменті 2022-2023 жылдары компьютерлік зал атын жамылып заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қатысушылардан ақшалай ставкалар банк аударымдары арқылы қабылданып, кейін олар арнайы платформада тіркеліп, ойындарға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме беру арқылы жүзеге асқан. Нәтижесінде қылмыстық топтың жалпы табысы 77 млн теңгеден асты.

Қаржылық тергеу барысында күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражатқа 36 млн теңгеге екі автокөлік – Toyota Land Cruiser және Mersedes-Benz 320 сатып алғаны анықталды.

Сот үкімімен олар ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру) және 262-бабы 1-бөлігі, 2-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оларға қатысу) бойынша кінәлі деп танылып, 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленді.

Оқи отырыңыз: Астанада жалған билетпен ұшпақ болған адам ұсталды

 

Новости партнеров