Зардап шеккендер жоқ
Маңғыстау облысында жол апатына ұшыраған жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Lada.kz мәліметінше, оқыс оқиға 10 наурыз күні Жетібай-Мұнайшы тасжолында болды. Полицейлердің мәліметінше, ВАЗ көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалған.
«ВАЗ жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: 5 облыста республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы шектелді