Оны алғаш болып өндірісте еңбек ететін жұмысшылар байқаған
Маңғыстауда итбалықтар құрлыққа шығып кетіп, адасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Теңіз жануары тіпті жағалауға жақын жерде орналасқан кен орнының аумағына дейін барған. Оны алғаш болып өндірісте еңбек ететін жұмысшылар байқапты. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметкерлер итбалықты бірден теңізге апарған. Дегенмен теңіз жануарын жақын маңдағы күрежолдың бойынан көргендер де көп. Қазір экологтар аумақты аралап, адасқан итбалықтарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, осыдан шамамен отыз жыл бұрын қыс мезгілінде қар қалың түсіп, итбалықтардың жағалауға жақын кен орнына дейін келген жағдайы тіркелген екен. Бұл - содан бергі екінші дерек.
«Теңізден қашу себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бұл туралы нақты айту үшін арнайы зерттеу қажет немесе мониторинг жүргізіліп тұруы керек. Алайда олай болмағандықтан, тек болжаймыз. Теңіз суының ластануынан болуы мүмкін немесе тиктоникалық қозғалыстардың салдарынан теңіз түбінде газ шығып, сондықтан итбалықтар уланудан қашқан болуы мүмкін, – деді аймақтық экологиялық кеңестің төрағасы Әділбек Қозыбақов.
Оқи отырыңыз:Талдықорғанда көлік жарылып, салдарынан үй опырылған