Оқушылардың улануы оқиғасы 1 сәуірде белгілі болды
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы мектеп асханасының жұмысшылары арасында стафилококк тасымалдаушы анықталды. Тағы екі жұмысшы дер кезінде медициналық тексеруден өтпеген. Сондай-ақ су шайындысы үлгілерінен ішек таяқшалары тобына жататын бактериялар табылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхтар Сербаевтың айтуынша, мектеп оқушыларының жаппай улануынан кейін Манашы жалпы орта мектебінің тамақтандыру бөлімінің жұмысын тексеру барысында тексерілген он жұмысшының бірінен стафилококк бактериясы анықталған. Тағы екі адам уақытында міндетті медициналық тексеруден өтпеген.
Зертханалық зерттеулер дайын тағамның 6 сынамасында зиянды организмдердің барын және сақтау қоймаларының орынсыз пайдаланылғанын көрсетті, мысалы, көкөністерге арналған қоймада дәнді дақылдар сақталған. 9 су шайындысы үлгісінен ішек таяқшалары тобына жататын бактериялар анықталған. Асханада уақытылы дымқыл тазалау жұмысы жүргізілмеген, қабырғаларынан жарықтар табылған, бұл да санитарлық нормалардың бұзылуына жатады.
«Барлық материал полицияға жіберілді, онда сотқа дейінгі тергеу ісін ашу туралы шешім қабылданады. Қазір асхана жабылды, балалардың барлығы оқуын жалғастырып жатыр», -деді Мұхтар Сербаев.
Еске салайық, мектеп оқушыларының улануы оқиғасы 1 сәуірде белгілі болды. Оқушылардың бәрінің жүрегі айнып, құсып, әлсірей бастаған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта оқушылардың улануы оқиғасынан кейін асхана қызметкерлерінің түнде ғимаратты тазалап, азық-түлік шығарып жатқан видео пайда болған.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде мектеп оқушысын жасөспірімдер соққыға жығып, пышақтап кеткен