«Медеу» мұз айдынында ҚР финалдық кубогы және құрамалық чемпионаты өтеді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайысқа Қазақстанның жетекші спортшылары қатысады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Медеу» мұз айдынында конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасының финалдық кубогы мен командалық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда 2025 жылғы 17-21 ақпан аралығы «Медеу» биік таудағы спорт кешенінің аумағында ҚР финалдық кубогы және құрамалық чемпионаты өтеді. Сайысқа Қазақстанның жетекші спортшылары қатысады.

Құрметті келушілер!

17, 18, 20 және 21 ақпан күндері жаппай сырғанаудың 1-сеансы (10:00–12:30) және 2-сеансы (13:30–16:30) уақытша тоқтатылады.

19 ақпан күні жаппай сырғанаудың тек 1-сеансы (10:00–12:30) өткізілмейді.

Жарыс бағдарламасы:

    •    17-18 ақпан – Жеке жарыстар: 500 м, 1000 м, 1500 м, 3000 м / 5000 м
    •    20-21 ақпан – Командалық жарыстар: командалық спринт, командалық жүгіру, гендерлік жүгіру, масс-старт

Спортшыларды қолдауға және жарыстың ерекше сәттеріне куә болуға шақырамыз!

Новости партнеров