Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген
Мереке күндері ел бойынша 21 мыңнан астам полиция қызметкері мен ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кезекшілікте болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Наурыз мейрамында мерекелік концерттер мен бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Осыған байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.
«Патрульдеу күшейтіліп, тәулік бойы бейнебақылау жүргізілуде. Тәртіп сақшыларының арқасында қазақстандық азаматтар мерекелік атмосфераны алаңсыз сезіне алады», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Nauryz Almaty Vibe: роботтар мерекенің жұлдызына айналды