Министрлік электр энергиясының шекті тарифін бекітті

30.01.2025 20:31

Шекті тарифтерін түзетуге 36 энергия өндіруші ұйымы өтінім берген

1 ақпаннан бастап электр энергиясының бағасы қымбаттайды. Энергетика министрлігінің шекті тарифтерді бекітті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құжатта жарық сататын компаниялардың бағалау құны әртүрлі көрсетілген. Мәселен, бір ұйымда киловатт-сағатына 8,27-ден 9,5 теңгеге дейін өзгерсе, енді бірінде 7,07-ден 37,12 теңгеге дейін құбылған.

Айта кетейік, электр энергиясының шекті тарифтерін түзетуге 36 энергия өндіруші ұйымы өтінім берген. Ал министрліктің бас сарапшысы тарифтің өсуіне бірнеше фактордың әсер еткенін айтты.

"4500 білікті маман жетіспейді. Тарифтердің өсуі мамандарды энергетикалық компанияларға қалдыруға және тартуға сеп болмақ. Сондай-ақ электр энергиясын өндіруге арналған отынның қымбаттауы, газдың, көмірдің және оның тасымалдауы, сондай-ақ жөндеу науқанына байланысты энергетикалық жабдықтардың қымбаттауы, сондай-ақ металдың қымбаттауы негізінен осы шығындар әсер етті", – деді Электр энергетикасын дамыту департаментің бас сарапшысы Жанарыс Мұсаханұлы. 

     Оқи отырыңыз: Елімізде бензин мен дизель отынының бағасын енді мемлекет реттемейді