Мобильді робот: ғалымдар ғылыми нәтижелерді коммерциялау жолын талқылады

09.04.2025 15:30

Өмірбек Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтында ғылыми семинар өтті

Алматыдағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтында ғылыми семинар өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға жиналғандар бұл саланың даму қарқынын баяндап, негізгі бағыттары мен болашағын талдады. Сондай-ақ зерттеушілер мобильді роботтар жайында да сөз қозғап, ғылыми нәтижелерді коммерциялаудың маңызын атады. Пікір алмасты, идеяларын айтты. Одан бөлек, институт ішіндегі және сыртындағы ынтымақтастықты нығайтуға көп көңіл бөлу керек екенін жеткізді.

 «Машина агрегаттары, одан кейін роботтар және механика саласында жетістік көп. Жер сілікінісі қатысты іргелі ғылыми  нәтижелерді айта аламыз», – деді институттың ғылыми жетекшісі Амандық Төлешов.

 «Былтырдан бастап инженерлік мамандықтарға грант көп бөліне бастады. Техника, механика, инженерлік саласына дарынды жастар керек болады. Ел болашағы үшін мамандар дайындауымыз керек», – деді техника ғылымының докторы, профессор Бағдат Телтаев.

Оқи отырыңыз: Үкімет еліміздің астық саласын қолдауға 40 млрд теңге бөлді