Мотоцикл тізгіндеген тұрғын жұмысшыларды қағып, екі адам көз жұмды

Ал жарақат алған үшінші адам ауруханада жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Рысқұлов даңғылында масаң күйде мотоцикл тізгіндеген тұрғын жұмысшыларды қағып, салдарынан екі ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Желіде таралған бейнематериалдан жоғары жылдамдықпен жүйткіген жүргізушінің автокөліктің артқы бөлігіне соғылғанын байқауға болады. Артынша ол жол жиегіне ығысып, сол маңда жұмыс істеп жүрген үш адамды қаққан. Оның екеуі оқиға орнында көз жұмса, ал енді бірі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізіліпті. Әйел адамның жағдайы ауыр. Ал мотоцикл жүргізушісі аман. Аталмыш оқиғаға қатысты қазір қылмыстық іс қозғалған.

 «Алматы қалалық ПД анықтау басқармасымен екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, мотоцикл жүргізушісі мас күйінде болған. Қазіргі таңда ол дене жарақаттарымен ауруханада жатыр. Міндетті түрде ауруханадан шыққан сәтте қамауға алынатын болады. Қылмыстық іс аясында тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз: Қосшыда балалар мінген көлік аялдамаға соғылды

Новости партнеров