Тез шешім қабылдай білуінің арқасында адам өмірін құтқарған азаматқа марапатпен бірге ақшалай сыйақы да берілді
Алматы әуежайында болған төтенше оқиға кезінде батылдық танытқан 52 жастағы Мұса Әбдірайымовқа «Ерлігі үшін» медалі табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен марапатты қала әкімі Ерболат Досаев беріп, оның жанқиярлығы мен қайсарлығын ерекше атап өтті. Тез шешім қабылдай білуінің арқасында адам өмірін құтқарған азаматқа марапатпен бірге ақшалай сыйақы да берілді.
«Құрметті Президент Қасым Жомарт Кемелұлы сіздің берген марапатыңызға алғысым шексіз. Елімізге тыныштық, береке берсін! Бір-біріне демеу болатындай қазақ ерлері өсуіне тілектеспін! – деді қала тұрғыны Мұса Әбдірайым.
Айта кетейік, оқиға 7 наурызда Алматы халықаралық әуежайында болған. Ұшуға дейінгі тексеру аймағында белгісіз ер адам әуе қауіпсіздігі қызметкерін пышақпен қорқытып, кепілге алуға әрекеттенген. Сол сәтте оның қылмысын тоқтататын жан табылып, қауіптің алдын алды.
Оқи отырыңыз: Семей қаласында айналма жол салынады