Оқушылар түрлі концерттік қойылым көрсетті
Бүгін Алматыдағы №19 мектепте «Мың алғыс сізге, Ұстаз – Ана» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиынға аталған білім ордасында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагер ұстаздар да қатысты. Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, ұйымдастырылған басқосуда зейнеткер ұстаздардың білім саласына сіңірген еңбегі аталып өтіп, оқушылар түрлі концерттік қойылым көрсетті.
«Анаға, ұстаз анаға құрмет – ардагерлер еңбегін әрқашанда бағалай білу. Олар салып кеткен сара жолын әрі қарай жалғастырып, мектеп ұжымы балаларға саналы тәрбие, сапалы білім беруде, аянбай еңбек етіп жатыр. Барлық аналарды мерекемен құттықтаймын. Зор денсаулық, ана бақытын тілеймін!» – деді № 19 жалпы білім беретін мектептің директоры Айымгүл Иманғалиева.
Оқи отырыңыз: Әйел – сұлулықтың әуені: Президент мерекелік концертті тамашалады