Екі қазақстандық АҚШ-тан пошта арқылы есірткіге тапсырыс берген

Айыпталушылардың бірінің пәтерін тінту кезінде есірткі құралдары, сондай-ақ орауыш материалдар мен таразы табылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-тан есірткі және психотроптық заттарды халық тұтынатын тауарлары бар пошта сәлемдемелері түрінде аса ірі мөлшерде жеткізу фактісін Агенттіктің елордалық департаменті әшкереледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі АФМ Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Мәселен, қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, тексеру жүргізу кезінде кедендік бақылау аймағындағы уақытша сақтау қоймасында жалпы салмағы шамамен 1 кг болатын "гашиш" есірткі заты табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу барысында жүргізілген мониторинг нәтижелері "Қазпошта" АҚ қалалық филиалдарының бірінде сол алушылардың атына тағы бір сәлемдеменің бар екендігін көрсетті.

Сәлемдемеде жалпы салмағы 7 грамнан асатын күшті психотропты зат – тетрагидроканнабинол және оның изомерлері табылды.

Айыпталушылардың бірінің пәтерін тінту кезінде есірткі құралдары, сондай-ақ орауыш материалдар мен таразы табылды.

Сот шешімімен істің екі қатысушысы кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтей отырып, 8 және 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Жалпы, жыл басынан бері есірткі контрабандасы және заңсыз айналымы фактілері бойынша 116 қылмыстық іс тіркелген. 57,3 кг есірткі тәркіленді.

Сонымен қатар, 1,7 кг психотроптық заттар, анаболиктер (улы зат) – 206 мың дана және "Тропикамид" көз тамшылары – 1 680 дана тәркіленді.

Оқи отырыңыз: Пиязды қалай "жыламай" турауға болады

Новости партнеров