Наурыздағы мерекелер кезінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Кезекші ХҚКО-лар 10 және 25 наурызда жұмыс істейді 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Сенбі мен жексенбі күндері, яғни 8 және 9 наурызда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді», - делінген корпорация хабарламасында.

10 наурызда, яғни дүйсенбі кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні болып, 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

«Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін 21, 22, 23, 24 наурыз демалыс күндері болып саналады. 25 наурыз, яғни сейсенбі күні кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл орталықтар азаматтарды сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанда демалыс күндері болып 8-10 наурыз бен 21-25 наурыз аралығы жарияланған.

Оқи отырыңыз: 2025 жылдың наурызында қазақстандықтар қалай демалады

Новости партнеров