Neo Nomad Visa шетелдіктерге қандай мүмкіндік береді

Polina Skaia/unsplash.com/
Polina Skaia/unsplash.com/

 Жаңа визалық режимді енгізер кезде пандемиядан кейін осындай бағдарламаларды сәтті қолданған 50-ден астам елдің халықаралық тәжірибесі назарға алынған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұл виза заманауи көшпенділерге – саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған. Жаңа визалық режимді енгізер кезде пандемиядан кейін осындай бағдарламаларды сәтті қолданған 50-ден астам елдің халықаралық тәжірибесі назарға алынған.

Neo Nomad визасын алған шетелдік туристердің Қазақстанда бір жылға дейін тұруға мүмкіндігі бар. Осы уақыт ішінде олар шетелдік компанияларда жұмыс істей алады. Бұл туристерге еліміздің мәдениеті мен тұрмысын жақынырақ тануға мүмкіндік беріп қана қоймай, ел экономикасына пайда әкеледі деп күтілуде. Виза енгізілген жағдайда жылына 500 адам оны алса, экономикалық әсер шамамен 3,6 млрд теңге болмақ. Визаны пайдаланатын шетелдік азаматтар Қазақстанда тұрып, қаражатын осында жұмсайды. Бірақ отандық еңбек нарығына әсер етпейді. Бұл – бағдарламаның маңызды бөлігі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға келетін шетелдік туристер қанша ақша жұмсайды

Новости партнеров