Оқушылардың улануы: Ақтөбеде мамандардың зерттеу қорытындысы шықты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қаулы негізінде сатылымда болған 16 өнім алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қобда ауданындағы оқушылардың улану дерегінен соң бірнеше зерттеу жүргізілді. Эпидемиолог мамандар өнім құрамынан ауыр металл мен зиянды бактериялар таппады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті екі зерттеу қорытындысын шығарды. Оның бірі — санитарлық-химиялық зерттеу. Ол кезде өнім құрамында ауыр металдың бар-жоғы тексерілді. Зерттеу қорытындысына сүйенсек, өнімнен қорғасын, кадмий, мышьяк анықталмады. 

— Тамақ өнімдерін микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроағзалар, ішек таяқшасы тобындағы бактериялар, патогенді флора, соның ішінде сальмонелла, өңез микроорганизмдері, ГТА (генетикалық түрлендірілген ағза) табылмады, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қобда ауданында оқушылар уланған соң облыстағы сауда орындарында бақылау жүрді. 270 дүкенді қарап шыққан мамандар үшеуінен өнімді алып, зертханалық тексеру жүргізді. 

— Зерттеу барысында өнімнің Кеден одағының техникалық регламенттер талаптарына, яғни таңбалануы бойынша өнімнің атауы, құрамы, жарамдылық мерзімі, сақтау және қолдану шаралары, құндылығы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмегендігі анықталды. Сәйкес келмеген өнімдер бойынша субъектілерге сөрелерден алып қою және кері қайтару туралы Ақтөбе қалалық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 3 қаулысы берілді. Қаулы негізінде сатылымда болған 16 өнім алынды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 18 ақпан күні оқушылар уланды. Балалардың бірі дүкеннен қытайша жазылған өнімді сатып алып, сынып ішінде бөліп бергені белгілі болды. Олардың көзі жасаурап, денесіне бөртпе шыққан. Тексеру кезінде дүкен иесінде өнім сертификаты болмағаны анықталды. 

Оқи отырыңыз: Қостанайда 21 жыл бұрын болған кісі өліміне қатысты қылмыстың беті ашылды

Новости партнеров