Олжас Бектенов қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

25.10.2024 10:20

Премьер-министр елімізге тыныштық, әр шаңыраққа бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тіледі

primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

"Құрметті отандастар!

Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Мемлекет басшысы айтулы күннің тарихи тағылымын ел жадында қайта жаңғыртып, мызғымас бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің берік тұғырына айналдырды. Азаттықтың алғышарты дербестік декларациясы – халқымыздың сан ғасырлық арман-мұраты мен қажырлы күресінің жемісі. Елдігімізді нығайтып, ынтымағымызды бекемдей түсер мерейлі мереке ұлтымыздың қилы тағдырымен бірге мәңгі жасай бермек.Біздің бағытымыз – айқын. Алдымызда Әділетті Қазақстанның құндылықтарын баянды етуге барымызды салатын даңғыл жол тұр. Осынау ұлы мақсатқа жетуде халқымыз ауызбіршілік пен еңбекқорлықтың озық үлгісін көрсетеді деп сенемін. Бүкіл қазақстандықтарды айшықты мерекемен құттықтаймын. Елімізге тыныштық, әр шаңыраққа бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!" - делінген құттықтауында.

Оқи отырыңыз: Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты