Он күннен бері Өскеменді түтін тұмшалап тұр

25.02.2025 19:20

Қалада ауаға тараған ластаушы зат мөлшері шектен асып кеткен

сгенерировано ИИ

Өскеменде 10 күннен бері қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан. Ертең де жел соқпайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалада көшелерді түтін басып тұр. Тұрғындардың кәсіпорындарды тұрғын үйлерден алысырақ жерге көшіруді ұсынса, енді бірі  зауыттардың мұржаларына жақсартылған сүзгі орнатуды талап етуде. 

Экологтар жүргізген мониторинг мәліметтеріне сүйенсек, Өскеменде ауаға тараған ластаушы зат мөлшері шектен асып кеткен. Атап айтқанда, күкірт диоксиді нормадан 1,4 есеге, көмірқышқыл газы 1,5 есеге асқан. 

"25 ақпан сағат 20.00-ден бастап 26 ақпан сағат 20.00-ге дейін қалада екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады", — делінген «Қазгидромет» РМК таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Жауын-шашын: Алматыда 46 жедел бригадасы жұмыс істейді