Серік Шайдаров Үкіметке сауал жолдады
"Өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы салдарынан өндірісте көз жұмғандардың отбасыларына компания өмір бойы өтемақы төлеуі керек". Бұл – сенатор Серік Шайдаровтың пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол бұған дейін комиссия құрамында болып, кінәлілердің жауапкершілігін арттыру үшін заңды жүйелі түрде өзгерту қажет екенін айтып, Үкіметке сауал жолдаған. Сол арқылы өнеркәсіптік кәсіпорындардың жауапкершілігін күшейту көзделген.
"Компания материалдық жағынан өзін-өзі сақтап, қателік жібермей шығын болмау үшін алдын алу керек. Оның ішінде жаңағы жұмыс бабында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне көңіл бөлуі керек. Компания осы мәселеге жауапты болған жағдайда ғана, қатердің алдын алуға болады деп есептеймін", – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Шайдаров.
Оқи отырыңыз: Кеншілер өлімі: жарылыс себебі 10 күн ішінде белгілі болады - Қанат Бозымбаев