Әлеуметтік желіде қазақ музыкасы қайта оралды
«Қазақстанның авторлық қоғамы» мен Мета компаниясы келісімшартқа қол қойды. Нәтижесінде өткен аптадан бастап Инстаграм мен Фейсбук платформаларында қазақстандық музыка қолжетімді бола бастады. Бұл туралы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік комитетінің төрағасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Екі тарап 5 ай бойы келіссөздер жүргізіп, екі жылға келісімге келген. Одан бөлек, алдағы уақытта авторлық қауымдастықтарда заңды түрде тіркелген өнер иелеріне қаламақы төлеу мәселесі толықтай цифрлық жүйеге өтеді.
«Заңды түрде келісімшартқа отырған өнер туындасының иесі өзінің авторлық төл туындысы қай жерде, қанша мәрте орындалды, одан қанша табыс түсетінін жеке кабинеті арқылы толықтай бақылап өтуге мүмкіндік алады», – деді ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Оқи отырыңыз: Меруерт Өтекешова: «Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық