Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Оралда ер адамның басына кірпіш құлап, азамат оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы жағдай кеше болған. 68 жастағы қала тұрғыны құрылыс салынып жатқан үйдің жанынан өтіп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, оның басына сол сәтте кірпіш құлап, тіл тартпай кетіпті. Аталған дерек Оралда мұнымен екінші рет тіркеліп отыр. Екі жыл бұрын дәл осыған ұқсас жағдай болып, ескі үйдің маңында әйел адам қайтыс болған еді.
"Ер адам алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Әлима Ғарифуллина
Оқи отырыңыз: Алматы метрополитенінде уақытша қоршауларды орнату жайлы айтылды