Белгісіз біреулер итті атып, қоқыс жәшігіне тастаған

стоп кадр
стоп кадр

Аталған дерек бойынша тексеру басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орал қаласында белгісіз біреулердің итті атып, өлексесін қоқыс жәшігіне тастағаны жөнінде бейнежазба тарады, деп хабарлайды Almaty.tv

Instagram әлеуметтік желісінде орналастырылған бейнежазбада ер адам Зачаган кентінде Ақсу мен Теміртау көшесінде 29 қаңтар күні біреулердің келіп, иттерді атып, қоқыс жәшігіне лақтырғанын айтады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған дерек бойынша тексеру басталды. Иттердің неден өлгенін анықтау үшін өлекселері сараптамаға жіберілді. 

БҚО ветеринария басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, қаңғыбас жануарларды атып жүрген азаматтар туралы деректер жоқ. 

"Қалалық коммуналдық қызмет пен ветеринариялық станция қызметкерлері жануарлар өлекселерін жинастырады. Содан кейін мал моласына апарып, көмеді", — деп хабарлады ведомстводан.

Оқи отырыңыз: Астанада ауыр қылмыс жасаған криминалитет өкілдері ұсталды — ІІМ

 

Новости партнеров