Оралда орталық басшысы бюджет қаражатын жымқырған

08.04.2025 11:22

Айыпталушы сотқа тартылды

Marten Bjork/unsplash.com

Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған ортылық директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегінше, орталық басшысы электр жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жалған актілерге қол қойып, еңбек қызметін іс жүзінде орындамаған адамдарға жалақы есептеген.

"Осылайша күдікті 2024 жылғы ақпан мен желтоқсан аралығында жалпы сомасы 11,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда. Айыпталушы сотқа тартылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды" - деп жазды Антикордан.

Оқи отырыңыз: Былтыр елімізге 10 миллионнан аса турист келген