Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

17.04.2025 15:11

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан II Орталық Азия форумында мәлім болды

Бірлескен телеарна құрылып, өңірлік медиаплатформа іске қосылады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан II Орталық Азия форумында мәлім болды, деп хбарлайды Almaty.tv.

Түркі елдеріне ортақ арна халықтардың тарихынан сыр шертетін жобалар ұсынып, әр елдің мәдени мұрасын, сауда-экономикалық, туристік әлеуетін насихаттайды. Сондай-ақ жиында медиа саласында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында бірқатар ұсыныс айтылды. Форумға Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты елдерден 700-ден аса делегат қатысып жатыр. Сала мамандары бірлескен жобалар мен контент жасау мәселелерін талқылап, өзара пікір алмасты. Екі күн бойы панельдік сессияларда жаһандық медианың дамуы, болашақтың ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, жасанды интеллект және  ел имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің рөлі талқыланады.

 «Бүгін үш медиа маманы тренинг өткізетін болады. Бұл сабақтарды Великобританиядан келген және Ирландиядан келген екі әріптесіміз өтеді. Олар жоғары оқу орындарында сабақ береді. Бірінші сабақ медиа құқық және медиа этикаға қатысты. Ал екінші сабақ интеллект, дата журналистикаға, дата аналитикаға арналады.  Сондай-ақ меркетингке және продюсерлікке қатысты трениг өткізіледі», – деді ұйымдастыру комитетінің мүшесі Бибігүл Құламан.

Оқи отырыңыз: Орталық Азия медиафорумында қандай бастамалар көтерілді