Орыс тілінде ойланатын адамдар үшін қазақ тілін үйрететін методика дайындадық - Владислав Тен

24.04.2025 15:22

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті пленарлық отырысы өтті

Қазақстанда барша азаматтарға бірдей мүмкіндік берілген. Бұл – нағыз әділдік, әділетті мемлекеттің ажырамас бөлігі. Бүгін Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мыңнан астам адам қатысқан сессияда Президент бірқатар маңызды міндеттерге тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдымен Ассамблеяның аймақтардағы жұмысын жандандырып, халық тығыз қоныстанған Алматы облысында Достық үйін салу қажет деді. Сондай-ақ елдегі түрлі ұлт өкілінің тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсетіп, мәдени мұраларын дәріптеп, этностар театр өнерінің фестивалін өткізу туралы бастама көтерді. Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның белсенді мүшелерін марапаттады.

 «Керемет күн! Президенттің қолынан марапат алдым. Үлкен мәртебе. Орталыымда тек қана қазақ тілін ғана емес, басқа да тілдерде оқытылады. Орыс тілінде ойланатын адамдарға методика жасадық. Сол методика бойынша сабақ береміз», – деді лингвист Владислав Тен.

Оқи отырыңыз: Этносаралық қатынас мәселесін түрлі арандату құралына айналдыруға болмайды - Президент