Арасында қаңғырған иттерден зардап шеккендер де аз емес
Өскемен қаласында иттің адамға шабуы жиілеп кетті. Қала тұрғындары көшеде иттердің қаптап жүргенін, тіпті адамға атылатындығын айтып шағымданды. Арасында қаңғырған иттерден зардап шеккендер де аз емес, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Әуезов даңғылында әйел адамға бұралқы иттердің тап бергенін өз көзіммен көрдім. Сол маңдағы азаматтар көмектесіп қалдық. Әйелдің орнына бала болса иттер баяғыда талап тастар еді", — дейді Асхат есімді өскемендік.
ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, ит қапқандар тәртіп сақшыларына арыз түсіруде.
"31 наурыз бен 6 сәуір аралығында полицияға қала тұрғындарынан иттердің адамға шабуы туралы 9 арыз түсті. Қазір тиісті шаралар атқарылып жатыр", — делінген ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Он үш күн ессіз жатты: көршісін өлемен қып ұрған күдікті неге бостандықта жүр