Дәрігерлер мұндай көрсеткіштің бұрын болмағанын айтып, дабыл қағып отыр
Өскемен қаласында кенеден зардап шеккендер саны күрт көбейді. Биыл өңірде кенелер әдеттегіден ерте шықты. Бұл жәндіктерден ересектерге ғана емес, балаларда зардап шегіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
24 наурыз бен 14 сәуір аралығында кене шаққан балалардың саны 65-ке жетті. Дәрігерлер мұндай көрсеткіштің бұрын болмағанын айтып, дабыл қағып отыр.
"Соңғы бір күннің өзінде ғана 14 баланы кене шақты. Барлық баланың ішіндегі 63-іне уақтылы екпе салынды. Ал екеуі ауруханаға тым кеш қаралған. Зардап шеккен балалардың ең кішісі 3 жаста", — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Ана мен бала орталығының травматология орталығынан.
Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: Алматыдағы Аюсай шатқалында қарағай ағашы отырғызылды