Ер адамның өліміне нақты не себеп болғаны сараптама жұмыстарынан кейін белгілі болмақ
Өскемен қаласындағы Үлбі көпірінің астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына қаладағы Б.Александров атындағы спорт сарайының маңындағы көпірдің астында адам мәйіті жатқандығы туралы хабар түсті.
"Оқиға орнына полицейлер шұғыл келіп жетті. Үлбі көпірінің астынан ер адам мәйіті табылды. Марқұмның кім екендігі анықталды. Алдын ала дерек бойынша оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Ер адамның өліміне нақты не себеп болғаны сараптама жұмыстарынан кейін белгілі болмақ.
Оқи отырыңыз: Қызылорда – Ақтөбе бағытында 4 жолақты күре жол салынады