Өскемендегі құс фабрикасының маңында кәріз суы төгілген

28.04.2025 21:01

Кінәлілерге қатысты тиісті шаралар қолданылмақ

Фото видеодан алынды

ШҚО-да экологиялық заңбұзушылық анықталды. Өскемендегі құс фабрикасының маңында кәріз суын рұқсатсыз төгу фактісі тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күні кеше әлеуметтік желіде кәсіпорын аумағынан шыққан лас су ашық жерге төгілген деген ақпарат тарады. Мәселені тексеру үшін жергілікті Экология департаментінің мамандары мен табиғат қорғау полициясының қызметкерлері оқиға орнына жеткен. Жүргізілген тексеру нәтижесінде дерек расталып, мамандар топырақтан және төгілген сұйықтықтан сынама алған. Зертханалық сараптама нәтижесі бойынша қоршаған ортаға тигізген зиян көлемі анықталып, кінәлілерге қатысты тиісті шаралар қолданылмақ.

Тағы бір экологиялық заңбұзушылық фактісі Зайсан ауданында тіркеліпті. Омбы–Майқапшағай бағытындағы автожол құрылысын жүргізіп жатқан қытайлық компания екі жарым жыл бойы заңсыз жұмыс істеген. Нәтижесінде мекемеге 1 миллиард 66 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында 10 мың оқушы сенбілікке қатысты