Отаным: Алматыда Серік Еркімбековтың авторлық кеші өтті

27.01.2025 20:43

Кеш ҚР Мемлекеттік және қоғам қайраткері Жексембек Еркімбековтың 95 жылдығына арналған

«Отаным». Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында ҚР Мемлекеттік және қоғам қайраткері Жексембек Еркімбековтың 95 жылдығына арналған ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, пианист Серік Еркімбековтың авторлық кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Концерттік бағдарламада композитор Серік Еркімбековтың оркестр мен хорға арналған үздік шығармалары «Шәкәрім» симфониясы, «Мәңгілік алау» балетінен пролог және тағы да басқа туындылары орындалды.

"Концертке бір жылдан бері дайындалдық. "Шәкәрім" симфониясы –  Шәкәрімге арналған үлкен шығарма. "Мұнара" – симфониялық суреттеме. Жақсы іс-шаралар көп болсын! – деді композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Еркімбеков.

"Концертте  Серік ағамыздың "Алтын арқа" шығармасын орындадым. Ол прима  қобыз бен домбыраға арналған шығарма. Құрманғазының «Сарыарқа» күйінің фантазиясы деп айтуға болады. Өте жоғары деңгейде жазылған шығарма, техникалық, дыбыс жағынан әдемі туынды шықты, – деді солист Гүлнұр Саргисова.

Оқи отырыңыз: Теміртас: Алматыда Біржан Қожағұлұлының әндеріне негізделген қойылымының тұсауы кесілді