Өзбекстандағы ірі магистральдық газ құбырында апат болды

10.02.2025 21:30

«Бұхара-Орал» газ құбыры Өзбекстаннан басталып, Қазақстан арқылы Ресейге өтеді

Unsplash (Ricardo Gomez Angel)

Өзбекстанның Бұхара облысындағы «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырының 106 шақырымында апат болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағадайлар басқармасының мәліметінше, құбырдың диаметрі 1020 мм болатын бөлігі қысым салдарынан жарылған.

«Мамандар жедел әрекет етіп, газ жіберетін клапандарды жапты. Тиісінше, құбырдың бойында қалған көгілдір отын шығып, өрт толық сөндірілді», — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Төтенше жағадайлар басқармасының ақпаратына сай, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

«Бұхара-Орал» газ құбыры Өзбекстаннан басталып, Қазақстан арқылы Ресейге өтеді. Оның ұзындығы 4,5 мың шақырымнан асады.

Қазіргі уақытта бұл құбыр Өзбекстанның ішінде көгілдір отын тасымалдау үшін қолданылып келеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 10-16 ақпан аралығында ауа райы қандай болады

 

 

 

Теги: өрт